ТАЗА БЕЙСЕНБІ – АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің әр өңірінде тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде акцияға қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып қана қоймай, қоғамдық орындар мен жалғызбасты қарттардың үйлерін қалың қардан тазартуға көмектесіп жатыр.
Аудандағы «Жастар Рухы» ЖҚ еріктілері «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында зейнеткерлерге көмек көрсетті. Еріктілер ауданымыздағы жалғыз тұратын егде жастағы адамдардың аулаларын қардан тазартып, ауланы ретке келтіру, жөндеу жұмыстарына қолғабыс етті.
Ұйымдастырушылардың мақсаты — қыс мезгілінде көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу, қолдау білдіру. Яғни, ауласын қардан аршып, жүріп-тұруын жеңілдету. «Таза бейсенбі» тек тазалық іс-шарасы емес, бұл – қоғамды біріктіретін, ізгілікті дәріптейтін ауқымды жоба.
«Жастар рухы» ЖҚ-ның Темір ауданы
бойынша төрағасы А.Сәлімгерей