Қазақстан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

0
21

Қазақстан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық гендерлік алшақтық 2022» баяндамасына сәйкес, еліміз 146 елдің ішінде 65-орынға ие болды, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда елеулі өсуді көрсетеді. Бұл жетістік әйелдердің қоғамның әртүрлі салаларында белсенділік танытып, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңейгенін дәлелдейді.

Сонымен қатар, Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. 2024 жылдың 16 маусымында тиісті заңға қол қойылды, бұл әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы маңызды қадам болып табылады. Атқарушы, өкілді және сот билігіндегі әйелдердің үлесі 30%-ды құрайды, бұл гендерлік теңдікке қол жеткізудегі оң көрсеткіш. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру және жетілдіру қажет, себебі гендерлік теңдік қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі болып табылады.
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі С.Суиндикова