АМАЛ КЕЛДІ — ЖЫЛ КЕЛДІ

0
13

Темір ауданында жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында бірқатар шара ұйымдастырылуда.

Аудан орталығында 14 наурыз Көрісу күніне орай, «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік бағдарлама өтті.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жолаушыларға көтерінкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, жолаушылар ыстық бауырсақтан дәм ұсынды.