Сот алқабилер институты – азаматтардың сот төрелігіне қатысуын қамтамасыз ететін демократиялық құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі

Сот алқабилер институты – азаматтардың сот төрелігіне қатысуын қамтамасыз ететін демократиялық құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі.
Қазақстанда алқабилердің қатысуымен соттар алғаш рет 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастады. Сол кезде ҚР облыстық соттары аса ауыр қылмыстар бойынша істерді қарау кезінде сотталушының қалауы бойынша алқабилердің қатысуымен сот талқылауларын жүргізе бастады.
2009 жылдан бастап Президенттің Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар алқабилердің қатысуымен жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарайды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттардың соттауына ерекше ауыр қылмыстар туралы істер жатады, бұған: төтенше жағдайларда және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған кісі өлтіру туралы; бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздері мен қауіпсіздігі туралы; террористік және экстремистік қылмыстар; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар туралы істер жатпайды. Осылайша, алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу санының өсуі күтілуде.
Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адам соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы сот алдында өтінішхат беруге құқылы.
Алқаби-белгіленген талаптарға сай келетін, қылмыстық істі қарауға қатысу үшін сотқа шақырылған, сондай-ақ алқабилер алқасын қалыптастыру рәсімінен өткен және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 Заңында белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген.
Жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдар жыл сайын қалыптастыратын алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілген азамат ғана алқаби бола алады.
Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңымен алқабиге кандидаттарды іріктеуді тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар кандидаттардың бастапқы, бірыңғай және қосалқы тізімдерін жасауға міндетті. Оларды жасау үшін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкестігін тексеру үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
Егер азаматтар келіспесе, олар жергілікті атқарушы органдарға нақты адамдарды алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы немесе алдын ала қосалқы тізімдеріне заңсыз енгізу немесе енгізбеу не оларды осы тізімдерден алып тастау туралы, сондай-ақ алқабиге кандидаттар туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктер туралы арызбен тәртіппен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» осы Заңымен сот отырысының басталу орны мен уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.
Ағымдағы жылы адам өлтіру дерегі бойынша айыпталған «Б.А» қатысты аудан прокуратурасы айыптау актісін жасақтап, негізінен қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
Осы қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, олардың кесімімен «Б.А» адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқаны үшін кінәлі деп танылған.
Оған жаза ретінде 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Темір ауданының прокуроры
аға әділет кеңесшісі Қ.М. Уразалин