Ақтөбеде үлескерлерден 421 млн теңге ұрлау фактісі анықталды

0
27

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы үлескерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жүзеге асыруда.

Мысалы, тергелген алаяқтық дерегі бойынша «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс облыс прокуратурамен 2 сәуірде сотқа жолданды.

Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421  млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда, компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған.

Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге.

Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды.

Прокуратурамен, азаматтық тәртіпте соттарға 2 талап-арыз жолданды, яғни 159 үлескердің мүддесі үшін, сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, үлескерлердің пайдасына 2 млрд теңге өндіру талап етілген. Одан басқа, 600 үлескердің мүддесі үшін тағы талап-арыз жолданады – бұл туралы облыс прокуроры Марат Әбішев атап өтті.

Біз барлық проблемалық құрылыс нысандарын бақылауда ұстаймыз.

Прокуратура органдары азаматтарды құрылысшылардан барлық рұқсат құжаттарын талап етуге шақырады, мысалы:

  • уәкілетті оператордың кепілдігі;
  • екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы;
  • тұрғын үйдің құрылысының толық даярлығы.

Егерде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, әкімдің жанындағы құрылыс Басқармасына немесе сот және прокуратура органдарына арыз жазуға болады.

Меншік пен мүліктеріңізді қорғаңыз!

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП