Бүгін ұлтымыздың рухани байлығы, бабалар үні-қасиетті домбыраның күні!

0
46

Домбыра ата-бабамыздан жеткен қастерлі мұра.Ол арқылы халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, ішкі жан дүниесін танып білеміз.
1 шілде Ұлттық домбыра күніне орай Қызылжар орталық стадионында Аудандық балалар саз мектебінің домбыра класының ұстаздары және КызылжарЖОББ мектебінің Жас домбырашылар ансамблі және Темір аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған Көркем ай өнер орталығының Үкілі домбыра үйірмесінің қатысушылары Алаш аманаты атты күй орындады.
Қазақтың ұлттық аспабы домбыраға құрметпен қарап, оны үйреніп ұлттық өнерімізді жалғастырайық.
Ұлттық өнеріміз ұлықтала берсін!
Күй мен жыр мәңгі жасасын!