ЖАҢА МЕКТЕП ЖОЛЫ — ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЖАЙЛЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде жүзеге асып жатқан «Жайлы мектепке арналған жол, автотұрақ және жаяу жүргіншілер» инфрақұрылымдық жобасы аяқталуға жақын.
Аталған жоба аясында 1,03 шақырымдық автомобиль жолы толықтай асфальтталып, көше жарығы, тротуар және автотұрақ салу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Жобаның мердігері – «KazInterTrans 1» ЖШС.
Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталып, соңғы әрлеу және тексеру кезеңі жүріп жатыр.
Аудан әкімі А.Жақсылықов жауапты тұлғаларға жобаның Шұбарқұдық кентіндегі жаңа мектепке баратын оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасауға бағытталғандықтан сапаның қатаң бақыланатындығын ескертті.