Қазақстан – бірлігі жарасқан ел

0
135

Қазақстан – бірлігі жарасқан ел

 

Қазақстан – сан ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекет. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім – тәуелсіздіктің басты жетістігі. Халықтар достығы мен бірлігі Қазақстанды дамытуға, оның өркендеуіне берік негіз болуда.

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Қазақстан халқы осы қағиданы басты ұстаным етіп, ұлт пен дінге бөлінбей, ортақ мақсат – елдің дамуы жолында еңбек етуде. Бүгінгі татулық пен өзара құрмет – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.

Қазақстан – достықтың мекені, ынтымақтың символы. Әлемге үлгі болған халықтар бірлігі – біздің ең үлкен байлығымыз, ең асыл қазынамыз.

 

Идирисова Орынай, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі