Татулық бар жерде – тұрақтылық бар

0
82

Татулық бар жерде – тұрақтылық бар

 

Татулық – елдің дамуы мен өркендеуінің басты кепілі. Қоғамдағы бейбітшілік пен бірлік – әрбір азаматтың өмір сапасын арттырып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Халықтың ынтымағы мықты болған жерде мемлекет те тұрақты дамиды.

Қазақстанда көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – елдегі тұрақтылықтың, достық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі. Әр ұлттың дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау – қоғамның бірігуіне жол ашады.

Сондықтан да «Татулық бар жерде – тұрақтылық бар» деген сөз халқымыздың басты ұстанымына айналған. Татулық – біздің ең қымбат қазынамыз, ал тұрақтылық – болашаққа бастар берік негізіміз.

 

Кайхарова Ализа, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің мүшесі