Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауы ел дамуының барлық саласын қамтып, халқымыздың болашағына сенім ұялатты. Әсіресе, жаңа тарихи дәуірдің сын-қатерлерін ескере отырып, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға ерекше мән берілуі – уақыт талабына сай қабылданған шешім. Бұл қадам еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарынан ойып тұрып орын алуына жол ашады деп сенемін.

0
62

Сонымен қатар Жолдауда әлеуметтік әділдік, қоғамдағы тәртіп пен мәдениетті нығайту, халықтың өмірі мен денсаулығына әсер ететін маңызды түйткілдерді шешу мәселелері кеңінен қозғалды. Әсіресе, жастардың ғылым-білімге ұмтылысын қолдау, олардың отаншылдық рухын жаңа қырынан дамыту жайлы айтылған ойлар – болашаққа деген зор үмітті арттыра түседі.

Мен еңбек ардагері ретінде Мемлекет Басшысының бастамаларын толық қолдаймын. Бұл Жолдау әрбір азаматты бірлікке, еңбекқорлыққа, ел мүддесін бәрінен биік қоюға үндейді. Елдің игілігі үшін жасалып жатқан ауқымды істерге әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Тек сонда ғана Қазақстанымыздың кемел келешегін бірге қалыптастырамыз.

Еңбек ардагері Нұғманов Матай Нұрмұханұлы