Пікір

0
74

Президенттің Жолдауы биыл да қоғамда үлкен серпіліс тудырды. Онда ел дамуының негізгі бағыттары анық көрсетіліп, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер айтылды. Әсіресе, экономиканы тұрақтандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері дер кезінде көтерілді. Бұл бастамалар қарапайым халықтың өміріне тікелей әсер етеді.

 

Маған ұнаған тағы бір тұсы – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселесі. Бұл – Қазақстанды жаңа деңгейге шығаратын үлкен мүмкіндік. Цифрландыру тек өндірісті ғана емес, мемлекеттік қызмет көрсетуді де тиімді етеді, яғни халыққа қызмет көрсету жылдамырақ әрі ашық болады.

 

Жолдау – болашаққа бағытталған нақты жоспар. Әр айтылған бастаманың жүзеге асуы үшін қоғам болып жұмылып жұмыс істеуіміз керек. Себебі бұл құжатта көтерілген мәселелер еліміздің тұрақты дамуы мен әр азаматтың әл-ауқатын арттыруға арналған.

 

Белсенді жас Алпан Г.М.