Жолдауда білім беру саласына, мәдениет пен спортты дамытуға ерекше назар аударылғаны қуантады.

Жолдауда білім беру саласына, мәдениет пен спортты дамытуға ерекше назар аударылғаны қуантады. Ауыл мектептерін жаңғырту, ұстаздарды қолдау – жастардың сапалы білім алуына жол ашады. Сондай-ақ мәдениет пен өнерге қолдау көрсету, спорт инфрақұрылымын дамыту – елдің рухани және дене саулығына қызмет етеді.
Мен үшін маңыздысы – жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпке қатысты айтылған ойлар. Қоғамда тәртіп күшейіп, жол ережелері қатаң сақталса, адам өміріне төнетін қауіп азаяды. Бұл – әрбір отбасына, әрбір азаматқа тікелей әсер ететін мәселе.
Бұл Жолдау – елдің жаңа серпіні. Әрбір қазақстандық атсалысып, ұсынылған бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосса, еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріледі. Болашағымызды бүгіннен бастап бірге құруымыз керек.
Н.Байғанин атындағы МБ химия пәнінің мұғалімі Болатбекқызы Ә.


