Фракция отырысы өткізілді

0
60

Темір аудандық маслихатындағы  «АМАNAT» партиясы фракциясының  кезекті  отырысы өтті.

Іс шараға аудандық маслихат депутаттары мен  мекеме бөлім басшылары қатысты. Жиынды аудандық маслихат депутаты фракция мүшесі А.Жанекешова ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде 1 тармақ бойынша Темір ауданы «АМАNAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Халықпен бірге!» 2023-2027жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы қаралып, Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаев баяндама жасады.

Сонымен қатар күн тәрбінің 2 ші тармағы бойынша ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан : өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты  Қазақстан халқына жолдауын аудандық маслихат төрағасы Б.Шаимов баяндама оқып өзара талқыға салып ,атап өтті.

Күн тәртібі толық қаралып болған соң жиын соңында тиісіті мекеме –бөлім басшыларына ұсыныстар жолданды.

 

 

Атай.Н.А.