Қоғам өркениетінің көрсеткіші

Инклюзивті білім беру – әлеуметтік әділеттіліктің, адам құқықтарының және мемлекет тұрақтылығының маңызды көрсеткіші. Дүниежүзілік конгрестің Қазақстанда өтуі – еліміздің осы саладағы халықаралық беделін айқын дәлелдейді. Мемлекет тарапынан соңғы жылдары қабылданған заңдар мен реформалар ерекше қажеттілігі бар балалардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған нақты істерге айналды. Бұл – қағаз жүзіндегі емес, шынайы өмірдегі қолдау саясаты. Педагогтерді арнайы даярлау, инклюзивті инфрақұрылымды дамыту және жасанды интеллект құралдарын енгізу – білім сапасын жаңа деңгейге шығарады. Мұндай тәжірибе елімізді аймақтық көшбасшыға айналдырып, халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып отыр. Ең бастысы – әрбір бала өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы қажет, ал мемлекет сол мүмкіндікті жасау жолында жүйелі түрде әрекет етуде.
Аудандық мәслихат депутаты Жонысов Сұлтанбек Нұрланұлы


