Пікір

0
31

Құрылтай барысында айтылған бастамалар елдің болашағына бағытталған нақты қадамдарды айқындап берді. Білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салу – адам капиталының сапасын арттыруға арналған маңызды міндет. Бұл шаралар елдің дамуына, жастардың кәсіби дайындығына және экономикалық өсімге тікелей әсер етеді.

Маған ерекше әсер еткені – құрылтайдың тек сөз жүзінде емес, нақты іс-әрекетке бағытталғаны. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу – қызмет сапасын жақсартуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар елдегі басқару тиімділігін айтарлықтай көтереді.

Ең бастысы – қолға алынған бастамалар нақты көрсеткіштермен өлшеніп, нәтижесі халыққа көрініп отыруы керек. Бұл жолдағы әр қадам тек стратегиялық маңызды міндетті орындауға бағытталған, сондықтан барша қоғам бірлесе жұмыс істеуі аса қажет.

Аудандық мәслихат депутаты Көшербаев Әділ Тасымбайұлы