Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның қоғамдық және құқықтық жүйесін сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат

0
33

Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның қоғамдық және құқықтық жүйесін сапалы түрде жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін күшейту және әділ әрі ашық қоғам қалыптастыру негізгі басымдық ретінде айқындалған. Бұл өзгерістер мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтып, елдегі тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар құжатта әлеуметтік теңдік, қоғамдық келісім және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету арқылы әрбір азаматтың ел дамуына қатысуына мүмкіндік беріледі. Білім мен ғылымға, сондай-ақ жастар саясатына берілген басымдық Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттырып, болашақта тұрақты әрі қарқынды дамуына негіз болады.

Әжелер алқасының төрайымы Берсеева Галия Суллаевна