Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы аудандық коалиция мүшелері конституциялық реформаны қолдау жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
22

Бүгін Темір ауданына Парламент Сенат депутаты Б. Н.Қаниев, Облыстық маслихат депутаты Б.О.Ізбасов, Аудандық маслихат депутаты Б.С.Шаимов, Аудандық “AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы А.Ж.Нұрғалиев «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалиция мүшелері конституциялық реформаны қолдау жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Локомотив депо қатысушыларымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ Конституция жобасы елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.