Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың басты кепілі болып табылады

0
23

Конституция – кез келген мемлекеттің негізгі заңы және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың басты кепілі болып табылады. Сондықтан Конституция жобасының қоғамдағы өзгерістерге бейімделіп әзірленуі өте маңызды. Уақыт өте келе қоғамның қажеттіліктері, экономикалық жағдайы және әлеуметтік талаптары өзгеріп отырады. Осындай өзгерістерді ескере отырып, негізгі заңды жетілдіру мемлекеттің тиімді дамуына мүмкіндік береді. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі болып саналады. Егер Конституцияда әділдік қағидалары нақты көрсетіліп, барлық азаматтарға тең мүмкіндік берілсе, қоғамда сенім мен тұрақтылық артады. Сонымен қатар, мұндай өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, билік пен халық арасындағы байланысты нығайтады. Нәтижесінде елде әділ, ашық және тұрақты қоғам қалыптасып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашылады.

Белсенді жас Уразова Аружан Жоламанқызы