*Қазақстанның Еңбек Ері өз таңдауын жасады*

0
8

*Қазақстанның Еңбек Ері өз таңдауын жасады*

 

Ақтөбедегі Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесінде «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстанның Еңбек Ері, “Алтын жұлдыз” және “Отан” орденінің иегері Құралай Байменова өз таңдауын жасады.

 

Құралай Байменова мұндай маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге әрбір азамат бейжай қарамай, белсенді түрде қатысуға тиіс екенін айтты. Себебі мемлекет болашағына қатысты қабылданатын шешімдер – халықтың ортақ жауапкершілігі.

 

— Елдегі өзгерістер мен жаңалықтарға бейжай қарамай, келіп өз таңдауымды жасадым. Бұл – менің азаматтық борышым. Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысуы керек, – деді ол.

 

Сондай-ақ ол қоғамдағы белсенділік пен азаматтық жауапкершілік ел дамуының маңызды факторларының бірі екенін айтты.

 

Аталған референдум учаскесінде спорттық ойындар ұйымдастырылды. Келген азаматтар гір тасын көтеру, асық ату, қол күрес сияқты ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті. Әр жастағы тұрғындар бұл шараларға үлкен қызығушылық танытып, көтеріңкі көңіл күймен қатысуда.

 

Бұл сайыстар көңіл көтеру мақсатында ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, ұлттық спортқа деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

Шара барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен күшін сынап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.