Қазақстанда UWW таныған Күрес академиясын ашу жоспарлануда
Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті Ненад Лалович және UWW Asia ұйымының президенті Мохаммед әл-Авамле келді.
Сапар аясында Қазақстан Күрес федерациясы мен United World Wrestling арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат елімізде спортшыларды жоғары деңгейде даярлайтын, UWW тарапы таныған Күрес академиясын ашуды көздейді.
Академия грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі бойынша балуандарды даярлайтын заманауи орталыққа айналады. Сонымен қатар құрамында жаттығу үдерісін кешенді қамтамасыз ететін медициналық және спорттық-ғылыми зертханалар ашу жоспарланып отыр.
Сапар барысында UWW президенті Ненад Лалович пен Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов Федерацияның жаңа кеңсесінің ашылу рәсіміне қатысты. Кеңсе құрамында Қазақстан күресінің бай тарихына арналған арнайы Даңқ залы ашылды. Мұнда отандық спортшылардың Олимпиада мен әлем чемпионаттарындағы жетістіктерін айғақтайтын бірегей жәдігерлер, соның ішінде медальдар, белбеулер, спорттық киімдер, фотоматериалдар және чемпиондардың жеке мұрағаттары қойылған.
Халықаралық федерация өкілдері Қазақстандағы күрестің даму қарқынына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.
Сапар аясында шетелдік қонақтарға Астана қаласындағы негізгі спорт нысандары, соның ішінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «Барыс Арена», сондай-ақ Алматы қаласының спорт нысандары таныстырылды.
Жаңалықтар
-
Токаев прибыл на форум в Турцию
17.04.2026, 16:52
Көп оқылғандар
-
ӘЙТЕКЕ БИ: ӨМІРІ. ҚЫЗМЕТІ. ҰЛЫҚТАЛУЫ
14.03.2024, 12:08 -
«СӨЗ ҚАДІРІ – ӨЗ ҚАДІРІҢ»
09.11.2023, 17:33 -
«КӨРІНБЕС КӨКТЕМІР» КӨТЕРІЛІСІ
18.01.2023, 18:03 -
«Замана перзенті – Өтебай Қанахин»
09.02.2023, 12:51 -
«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының жеңімпаздары анықталды
14.12.2022, 19:55
Біз туралы
Temirnews.kz — сайты мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Temirnews.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.
Бізбен байланыс
Мекен-жайымыз: 030800, ҚР, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 11.
Тел.: 8 71346 (49-0-11), +7 778 805 2838
E-mail: temir.gazet72@mail.ru
WhatsApp: +7 778 805 2838


