ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ: ТРЕНД ПЕ, ӘЛДЕ ТІРЕК ПЕ?

0
2

🗓️Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Темір аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық:тренд пе, әлде тірек пе?» тақырыбы аясында Аудандық «Темір» газетінің бас редакторы, мәслихат депутаты Әділханов Бердіхан Меңдіханұлымен Аудандық кадр бөлімінің басшысы Сатаев Еділ Маратұлымен жастар және оқушылармен кездесу өтті.

 

🔸Шараның мақсаты: жастар арасында ұлттық құндылықтардың маңызын кеңінен насихаттау, олардың қазіргі қоғамдағы орны мен рөлін түсіндіру, дәстүр мен заманауи көзқарастың үйлесімін талқылау арқылы жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

 

🔹Шара барысында қатысушылардың пікір алмасуына мүмкіндік жасап, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға деген жауапкершілігін арттыру жөнінде сөз өрбіді.