Президент Астанада өтетін «Болашақ ойындары-2026» турниріне кері санақты бастады

0
41

АСТАНА.KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 14 өңірде Tomorrow School желісін ашты.

Тегтер:
Қазақстан Президенті
Технология
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақорда