ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
54

 

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында Темір ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тағылымды іс-шара өтті. «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесудің негізгі мақсаты – майдан даласында емес, тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету.
Осы орайда Темір аудандық «AMANAT» партиясы филиалының кеңесшісі Н.А. Атай мен бастауыш партия ұйымының төрағасы Э. Атыраубаева тыл ардагері Атраубаева Ақзира Жанимовнаның шаңырағына арнайы барып, партия атынан мерекелік сый-сияпаттарын табыс етті.
Өз кезегінде Ақзира апа көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, елдің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін ақ батасын берді.
«Ардагерлерге көрсетілген құрмет — бұл тек бір күндік науқан емес, бұл — мемлекеттің басты құндылығы мен ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі».

AMANAT партиясының Темір аудандық филиалы