Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
Форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Құттықтауда мәдениеттің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы, креативті индустрияны дамытудағы және сала жұмысына инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызы ерекше екені атап өтілді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Бүгінде мәдениет саласы тек рухани құндылықтарды сақтаушы ғана емес, сонымен қатар инновациялар мен креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналып отыр. Осы ретте форум бағдарламасының цифрлық технологияларды, жасанды интеллект құралдарын және заманауи басқару тәсілдерін меңгеруге бағытталуы – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам», – делінген құттықтау хатта.
Форумның ашылуы барысында Қытай, Үндістан және Германиядан келген халықаралық сарапшылар да сөз сөйледі. Олардың қатарында Jinbang (Henan) Cultural Tourism Development компаниясының төрағасы Мисс Мин, Story Arts Foundation қорының негізін қалаушы Дипа Киран, сондай-ақ live entertainment саласындағы халықаралық продюсер әрі креативті жетекші Артем Бадалян бар.
Спикерлер жобаларды жүзеге асыру, сторителлингті дамыту, көпшілік алдында сөйлеу және ауқымды шоу бағдарламаларды ұйымдастырудың маңызы туралы айтты.
Форумның басты ерекшелігі – дәстүрлі оқыту үлгісінен нақты жобалар әзірлеуге негізделген тәжірибелік форматқа көшу.
Алғашқы күні «Мәдениет пен бизнес: серіктестер мен брендтерге қызықты жобаларды қалай жасауға болады?» тақырыбында панельдік сессия өткізілді. Сонымен қатар кітапхана, архив, музей ісі, мәдени-демалыс, театр және концерт ұйымдарына арналған жеке секциялар өтуде. Қатысушылар үшін іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету, визуал технологиялар, сценография және өзге де тәжірибелік бағыттар бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Форумның екінші күні тәжірибелік жұмысқа басымдық беріледі. Қатысушылар заманауи цифрлық құралдармен танысып, фасилитациялық сессиялар арқылы мәдени ұйымдарға арналған бастамаларды әзірлейді.
Жиынның соңғы күнінде командалар өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, кейін өңірлерде жүзеге асырылатын үздік жобалар анықталады.
Жаңалықтар
-
Қазақстан ашық сайлауды қамтамасыз етті – ТүркПА бақылаушылар миссиясы
24.08.2026, 16:31
Көп оқылғандар
-
ӘЙТЕКЕ БИ: ӨМІРІ. ҚЫЗМЕТІ. ҰЛЫҚТАЛУЫ
14.03.2024, 12:08 -
ШОНТЫ БИДІҢ ӘУЛЕТІ
11.04.2024, 11:47 -
«СӨЗ ҚАДІРІ – ӨЗ ҚАДІРІҢ»
09.11.2023, 17:33 -
ҚАЙСАР МІНЕЗДІ САРМАН БИ
10.10.2023, 17:03 -
«КӨРІНБЕС КӨКТЕМІР» КӨТЕРІЛІСІ
18.01.2023, 18:03
Біз туралы
Temirnews.kz — сайты мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Temirnews.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.
Бізбен байланыс
Мекен-жайымыз: 030800, ҚР, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 11.
Тел.: 8 71346 (49-0-11), +7 778 805 2838
E-mail: temir.gazet72@mail.ru
WhatsApp: +7 778 805 2838


