Ақтөбелік балуан халықаралық рейтингтік турнирдің қола жүлдегері атанды

0
24

Ақтөбе облысының еркін күрес шебері Мейрамбек Қартбай Венгрияның Будапешт қаласында өткен Budapest Ranking Series 2026 халықаралық рейтингтік турнирінде (Поляк Имре, Варга Янош және Козма Иштван мемориалы) 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Мейрамбек Қартбай жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, шешуші белдесуде Еуропа чемпионы Ислам Базарғановты (Әзербайжан) 6:1 есебімен жеңіп, турнирдің қола медалін жеңіп алды.

Халықаралық додадағы табысты өнер көрсетуімен Мейрамбек Қартбайды құттықтаймыз! Спортшыға алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!