ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МІНДЕТ

0
26

Шұбарқұдық кентінің көшелерінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол таңбаларын (разметка) жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Жаңартылған жол таңбалары жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

Барша жол қозғалысына қатысушыларды жол белгілері мен жол таңбаларын қатаң сақтауға, өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырамыз.

ҚАУІПСІЗ ЖОЛ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ!