«100 Дос- Шұбар» – бір мақсат, ортақ мүдде

0
26

Соңғы жылдары Темір ауданында халықтың ықыласына бөленіп, көптеген игі бастамалардың ұйытқысына айналған ұйымдардың бірі – «100 Дос – Шұбар» қоғамдық қоры. Қор тек мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсетумен ғана шектелмей, қоғамның түрлі салаларын қамтып, ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Атап айтқанда, ұйым жастар тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру бағытында жүйелі жобаларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту, жастарды еңбекке баулу, жаңа бастамаларды қолдау арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да өз үлесін қосып келеді.

Қордың тағы бір маңызды бағыты – қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайту. Түрлі қайырымдылық шаралар, тағылымды кездесулер мен қоғамдық жобалар арқылы тұрғындар арасында жанашырлық, сенім және ынтымақ мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп отыр.

Осы орайда, «100 Дос – Шұбар» қоғамдық қорының жетекшісі, қордың құрылуына бастамашы болған аудан кәсіпкері Алтынбек Мұстафинмен арнайы сұхбаттасқан едік. Сұхбат барысында қордың құрылу тарихы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен әңгіме өрбіді.