ТЕМІР АУДАНЫНДА САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
51

Алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстары туралы Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұстафин Әлкен Нұрекешұлымен сұхбаттастық.

– Темір ауданында қанша сайлау учаскесі жұмыс істейді?

– Темір ауданында барлығы 28 сайлау учаскесі бар. Бүгінде аудан бойынша 28 сайлау учаскесі бар. Осы 28 сайлау учаскесінде 158 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері жұмыс жасайды. Барлық комиссия мүшелерінің сайлау өткізуде тәжірибелері бар. 28 сайлау учаскесінің 15 учаскесі білім беру мекемелерінде, 13 учаскесі мәдениет ошақтарында орналасқан. Биыл жаңа сайлау учаскелері ашылған жоқ және бұрынғы учаскелердің ешқайсысы жабылған жоқ. Барлық учаскелер белгіленген тәртіппен өз жұмысын жүргізеді.

– Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай жүргізілуде?

– Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелері жергілікті атқарушы органның қолдауымен қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күнгі есеп бойынша 28 учаскеде 66 мүгедектігі бар сайлаушылар, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын 34 сайлаушы, есту бойынша мүгедектігі бар (саңырау және саңырау мылқау) сайлаушылар саны – 13, көру бойынша мүгедектігі бар (зағип және нашар көретін) 19 сайлаушы бар.

– Алдағы күндері қандай ұйымдастыру шаралары жоспарланған?

Шілде айының 8-10 аралығында облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен «2026 жылы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай сайлауын ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбы бойынша оқу – семинары ұйымдастырылды. 3 тамыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларын оқыту жоспары бар. Яғни барлық комиссия мүшелерімен оқу – семинары өткізілетін болады.

 – 2 тамыз күні сайлау комиссияларына аудан әкімінің қолымен бекітілген сайлаушылардың тізімдері ұсынылады. Ал 3 тамыздан бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастайды және сайлау процесіне қатысты заңнамада көзделген рәсімдерді жүзеге асырады.


Осындай дайындық шаралары сайлау процесінің заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылуына бағытталған.