ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНІҢ КҮНІНЕ ЖӘНЕ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

ШҰБАРҚҰДЫҚ
2026 жылғы 1 тамыз күні Темір ауданының орталығы – Шұбарқұдық кентінде Шұбарқұдықтың 95 жылдығы және Теміржолшылардың кәсіби мерекесіне арналған мерекелік гала-концерт өтті.
Мерекелік кештің мақсаты – туған өлкенің тарихын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеу, жергілікті өнерпаздарды қолдау және тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын нығайту.
Концерт бағдарламасы жергілікті өнерпаздардың шығармашылық кешімен басталып, ауданның талантты әншілері көрерменге өз өнерлерін ұсынды.
Кештің ресми бөлімінде Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов тұрғындарды мерекемен құттықтап, туған өлкенің дамуы мен ел бірлігінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты, еңбек ардагері Боран Оңғарұлы Ізбасов құттықтау сөз сөйледі.
Шұбарқұдық күні Теміржолшылар күнімен қатар аталып өтеді. Осыған орай теміржол саласы қызметкерлері мен ардагерлерінің ел дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтілді.
Кеш аясында «Batys Etno» этноансамблінің ұлттық нақыштағы бағдарламасы ұсынылды.
Мерекелік концертте Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары – Жадыра Арыстанова, Абуталип Жоламан, Еркеш Хасен, Ғазизхан Шекербеков және IL’HAN өнер көрсетті. Сонымен қатар, Темір өңірінің өнерпаздары да сахна төрінде ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кештің қорытындысында «Темірім, Шұбарқұдығым!» атты патриоттық ән орындалып, мерекелік отшашу ұйымдастырылды.


