ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда:
— 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық барысы – білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық дайындығы, жөндеу жұмыстары және білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды;
— 2026–2027 жылдардағы мал қыстату науқанына мал азығын дайындау барысы – жемшөп дайындау жұмыстарының орындалуы мен алдағы міндеттер сараланды;
— 2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша жұмыспен қамту бағдарламасының орындалу барысы – халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралып, көрсеткіштердің орындалуы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді таныстырды.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

