Жолдар жөнделуде

0
1

Темір ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жергілікті жол желісін дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудан орталығы – Темір қаласында үш көшеге жаңадан жол салынып, асфальт жабындысы төселуде. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жаңғырту ауданға қарасты елді мекендерде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жол құрылысы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.