Биыл 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға.

Бұл — жаңа Конституция аясында қалыптасқан саяси жүйенің алғашқы үлкен сынағы және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуының жаңа кезеңі.
Менің ойымша, кез келген сайлаудың басты құндылығы — халықтың өз таңдауын жасау құқығында. Әрбір азаматтың дауысы елдің болашақ даму бағытын айқындауға ықпал етеді. Сондықтан сайлауға қатысу — тек құқық қана емес, сонымен бірге үлкен азаматтық жауапкершілік.
Ғалым ретінде мен барлық шешімнің дәлелге, білімге және ұзақ мерзімді қоғамдық мүддеге негізделгенін қалаймын. Бүгінгі таңда қоғам алдында денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, экология, азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыру сияқты көптеген маңызды міндеттер тұр. Осы салалардағы тиімді заңнамалық бастамалар еліміздің тұрақты дамуына негіз болмақ.
Әсіресе жастардың сайлауға белсенді қатысуы маңызды деп есептеймін. Өйткені ертеңгі Қазақстанды қалыптастыратын — бүгінгі жас буын. Олардың белсенді азаматтық ұстанымы қоғамның дамуына жаңа серпін береді.
Мен әрбір қазақстандықты сайлау күні өз таңдауын саналы түрде жасап, ел болашағына бейжай қарамауға шақырамын. Қандай көзқараста болсақ та, барлығымызды Қазақстанның өркендеуі мен тұрақты дамуы деген ортақ мақсат біріктіреді.
Өз болашағымызға жауапкершілікпен қарап, азаматтық ұстанымымызды білдіру — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Сайлауға белсенді қатысу — еліміздің ертеңіне қосқан нақты үлесіміз әрі жауапкершілігіміздің айқын көрінісі. Ақмарал Баспақова, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің Ғылым және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру департаментінің жетекшісі,
«Дараланған профилактика орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы



