Спортшылар марапатталды

Спорт күні аясында «Салауатты өмір салты – ұлт болашағының негізі» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, спорт саласының үздіктері марапатталды.
Шара барысында спорттың дамуына елеулі үлес қосып жүрген ата-аналарға арнайы алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, спортта жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген бірқатар жас спортшылар Спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болды.
Спорт – денсаулық кепілі, ал салауатты ұрпақ – ел болашағының негізі!
Барша спортшыларды, жаттықтырушыларды, ата-аналарды және спорт саласының мамандарын Спорт күнімен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!
Темір балалар- жасөспірімдер спорт мектебі

