ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Темір ауданы полиция бөлімі Кеңқияқ кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Кеңқияқ ауылдық округі әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың және киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында азаматтарға интернеттегі алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндіріліп, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық жадынамалар таратылды.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
Бейтаныс адамдардың телефон қоңырауларына сақтықпен қараңыз;
Банк картасының деректерін ешкімге бермеңіз;
SMS арқылы келген құпия сөздер мен растау кодтарын ешкімге айтпаңыз;
Үшінші тұлғалардың өтініші бойынша банк картасымен ешқандай операция жасамаңыз.
Есте сақтаңыз: сіздің қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!
Темір аудандық полиция бөлімі

