ЖАСТАР — ЖАҢА ДӘУІРДІҢ КҮШІ

0
13

Халықаралық жастар күніне орай «Жастармен бірге» ұлттық акциясы аясында мерекелік кеш өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, өңір жастарын мерекемен құттықтады. Кездесу барысында облыс әкімі жастармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдап, өңір жастарының әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды.

Мерекелік кеш барысында қоғамдық өмірде, білім, ғылым, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік және басқа да салаларда жоғары жетістіктерімен ерекшеленген үздік жастар салтанатты түрде марапатталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бастамасы аясында облыс әкімі атынан жастарға естелік кітаптар табысталды. Кітап оқудың маңыздылығы мен рухани құндылықтарды дәріптеудің мәні кеңінен айтылды.

Кештің концерттік бағдарламасында әнші Естай Бекберген «Ақтөбе» әнін орындап, қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шараның жалғасы «OPEN TALK» еркін пікір алаңына ұласты.

 

Ақтөбе облысы әкімдігі