Палуанның таңдауы

0
2

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға ақтөбелік спортшылар да белсенді қатысып жатыр. Грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Арсен Жұма бүгін №575 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Учаске Smart-білім мектеп-гимназиясында орналасқан.

2005 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген палуан үшін бұл — екінші сайлау. Бұған дейін ол наурыз айында өткен референдумға қатысқан.

Арсен Жұма елдің болашағы бәрімізге ортақ екенін айтып, сайлауға қатысудың маңызын атап өтті.

— Ел болашағын нығайтып, көркеюіне бәріміз атсалысуымыз керек. Сайлауға қатысып, дауыс беру арқылы еліміздің дамуына үлес қосу — патриотизм . Спортта ел намысын қорғап жүрміз, ал бүгін азамат ретінде өз таңдауымды жасап, ұстанымымды білдірдім. Әрқайсымыз елдегі өзгерістерге бейжай қарамай, белсенді болу маңызды, — деді Арсен Жұма.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.