Ел өміріндегі маңызды күн

Сайлау — ел өміріндегі ең маңызды саяси оқиғаның бірі. Ел тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінетін жандар сайлауға қатысуды өзінің азаматтық борышы санайды.
Облыс бойынша №565 сайлау учаскесі Ақтөбедегі автожол колледжінің ғимаратында орналасқан. Бүгін мұнда дауыс берген сайлаушылардың қатарында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі әрі дирижері, мәдениет саласының үздігі Мербол Құспанов та бар.
— Бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Ел өміріндегі әр маңызды кезең жалпыға ортақ ой-пікірлер мен қоғамның ұстанымдарын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Құрылтай сайлауы да — сондай маңызды оқиғалардың бірі. Сайлауда еліміздің болашағына қатысты таңдау жасап, өз көзқарасымызды білдіреміз. Әрқайсысымыздың көзқарасымыз арқылы еліміздің ертеңгі дамуына деген ортақ пайымдаулар қалыптасады деп сенемін. Бүгінгі таңдауымыз берекелі бастамаларға, еліміздің игілігіне жол ашсын! — деді ол.
Айта кетелік, Мербол Құспанов облыстық филармония ұжымында 2011 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Ол басқаратын өнер ұжымы республикалық, халықаралық байқауларда жүлдегер атанып, өңіріміз ғана емес, еліміздің де мерейін үстем етіп жүр.
И.ӨТЕМІС.




