Футболшылар дауыс берді

Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, таңдау жасады.
Команда мүшелері №581 сайлау учаскесіне бірге келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмады.
Спортшылар үшін алаңда өңір намысын қорғаумен қатар, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласу да маңызды. Спорттағы жауапкершілік пен командалық рух күнделікті өмірде де жалғасын табады.
-Әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан әріптестермен сайлауға келдік. Еліміздің болашағы жарқын болсын! – деді Әділхан Таңжарықов
Сайлау учаскесіне, сондай-ақ, Мейрам Кикбаев, Георгий Жуков, Артур Шушеначев, Еркебулан Сейдахмет, Александр Заруцкий, Игорь Трофимец, Темирлан Ерланов, Талғат Кусяпов сынды ойыншылар келді.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.



