Кимешек киген әжелер дауыс берді

0
6

Қандыағаш қаласында орналасқан №312 сайлау учаскесінде дауыс берушілер маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып жатыр. Учаскеде 1572 дауыс беруші тіркелген.

Осы маңызды саяси науқан аясында ұлттық киім киген әжелеріміз сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап дауыс берді.

Сондай-ақ олар мерекелік көңіл күй сыйлап, жиналған қауымға арнап ән шашуын арнады. Бұл көрініс халқымыздың бірлігі мен ұлттық дәстүрге деген құрметін айқын көрсетті.

Әжелер ансамблі аудандағы мәдени өмірге белсене араласып жүрген ұжым ретінде кеңінен танымал. Олар түрлі мәдени іс-шараларға, мерекелік бағдарламаларға және қоғамдық бастамаларға тұрақты түрде қатысып, ұлттық өнер мен халықтық дәстүрлерді насихаттап келеді.

Ансамбль мүшелерінің айтуынша, ұлттық дәстүрді сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу – олардың басты мақсаты. Сонымен қатар ел өміріндегі маңызды қоғамдық оқиғаларға белсенді қатысу да үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.