Евгений Кочетов: Волонтерлік тәжірибе еңбек өтіліне есептелуі мүмкін

0
3

 

Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтты.

Оның айтуынша, волонтерліктің Конституцияда бекітілуі — Қазақстанның бірегей тәжірибесі. Қазір министрлік волонтерлерді қолдау шараларын, оның ішінде оларды сақтандыру тетігін әзірлеп жатыр.

«Сондай-ақ волонтерлік тәжірибені жұмысқа орналасу кезінде еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесімен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл әсіресе студенттер үшін пайдалы болмақ», — деді Кочетов.