Балаларға жаңа оқу жылына қолдау көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен!» акциясы өткізілуде. Аталған бастамаға «Әділет» партиясы Темір аудандық филиалы да қатысып, бірқатар оқушыға қолдау көрсетті.
Акция барысында балаларға жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен сертификаттар табысталды. Қолдау әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға бағытталды.
Шараның мақсаты – балалардың оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету және оларға жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға мүмкіндік жасау.
Әділет» партиясы Темір аудандық филиалы
