ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛА — СЫЙАҚЫ АЛ!

Қазақстанда азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктер енгізілуде.
Темір ауданында да құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі бекітілді.
Кімдер көтермеленуі мүмкін?
Құқық бұзушылықтың алдын алуға, оның жолын кесуге немесе ашуға нақты үлес қосқан қоғамдық көмекшілермен қатар, кез келген азамат көтермеленуі мүмкін.
Қандай көтермелеу түрлері бар?
Азаматтарға:
- алғыс жариялау;
- грамотамен марапаттау;
- ақшалай сыйақы беру;
- оқуға немесе біліктілігін арттыруға жіберу;
- өзге де көтермелеу шараларын қолдану қарастырылған.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградаларға ұсынуға болады.
Құқық бұзушылықты түсірдіңіз бе?
Егер сіз әкімшілік құқық бұзушылықты байқасаңыз, оны фото немесе бейнежазбаға түсіріп, полицияға хабарлай аласыз.
Егер сіздің хабарламаңыз негізінде құқық бұзушылық расталып, құқық бұзушыға салынған айыппұл толық төленсе, ақшалай сыйақы алуыңыз мүмкін.
💰 Сыйақы мөлшерін арнайы комиссия анықтайды. Оның мөлшері 10 АЕК-тен аспайды.
Маңызды талаптар:
- хабарлама анонимді болмауы керек;
- фото немесе бейнежазба құқық бұзушылық фактісін растауы қажет;
- хабарлама құқық бұзушылық автоматты камера арқылы тіркелгенге дейін немесе оны полиция қызметкері, уәкілетті тұлға не басқа адам анықтағанға дейін берілуі тиіс;
- құқық бұзушылық расталып, айыппұл туралы қаулы заңды күшіне енуі және айыппұл толық төленуі қажет.
Сыйақы алу үшін азамат полицияға белгіленген нысанда өтініш береді. Мәселе арнайы комиссияда қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Сондай-ақ азамат өзіне тиесілі сыйақыны Қазақстан Республикасында тіркелген қайырымдылық ұйымының шотына аударуды сұрай алады.
🤝 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет.
Құқық бұзушылықтың алдын алуға бірге атсалысайық!




