ЕҢБЕК АДАМЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ БАСТАР ЖОЛ

0
22

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында берілген мемлекеттік қаражаттың көмегімен Ақтөбе облысының тұрғыны Руслан Махамбетов өз кәсібін бастап, жылыжай ашты. Бүгінде мұнда негізінен қияр өсіріледі. Өнімге сұраныс бар, ал кәсіп Русланның отбасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кеше ғана жоспар болған дүние бүгінде нақты іске айналды. Мемлекеттік қолдау ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға, табысын арттыруға және отбасылық кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.

Руслан Махамбетов – өз еңбегімен кәсібін дамытып, отбасының әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген еңбек адамының жарқын үлгісі. Ол мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы саласында өз ісін жолға қойды.

Русланның оқиғасы еңбекқорлық пен табандылықтың, мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылда да табысты кәсіп бастауға болатынын көрсетеді. Бүгінде оның жылыжайы – отбасын тұрақты жұмыспен қамтып отырған нақты еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесі.