Азиада-2026: Қазақстан қоржынына стенд атудан қола түсті

0
21

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша ХХ жазғы Азиаданың іріктеу кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасындағы сайыста Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтан жасақталған құрамамыз командалық сайыста 3-орынға ие болды.

Кувейт — 355 ұпай

Қатар — 349 ұпай

Қазақстан — 348 ұпай

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Бұдан бұрын қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медалға бір табан жетпей қалғанын жазғанбыз.

 

Стенд ату

Азиада-2026

Спорт

Жүлде

 

Айнұр Тумакбаева

Авторлар