Тоқаев Еревандағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне барды

0
11

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күтіп алды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысқанын хабарлағанбыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады.

 

 

 

Армения

Қасым-Жомарт Тоқаев

Саммит

Ереван

Ақорда

 

Мейірман Лес

Авторлар