Ақтөбеде Сенат депутаты сайлауына қатысуға 5 адамнан өтініш түсті

0
191
Ақтөбеде Сенат депутаты сайлауына қатысуға 5 адамнан өтініш түсті

Ақтөбеде бес үміткерден өтініш түсті. Сенат депутаты сайлауына қатысуға ниет білдіргендердің төртеуі өзін-өзі ұсынған.

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді.

Оның айтуынша, облыстық сайлау комиссиясы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы негізінде 7 мүшеден тұрады. Бәрінің тәжірибесі бар.

Облыстық сайлау комиссиясына Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде сайлауға түсу үшін 5 адамнан өтініш түсті.

«Шыма Ербол Маралұлы 1992 жылы дүниеге келген. «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қобда ауылында тұрады. Ол өзін-өзі ұсынды. Бекбауова Дана Бахытқызы 1977 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры. Ол да өзін-өзі ұсынды. Козмов Ираклий Юрьевич 1980 жылы дүниеге келген. «ИнвестСтройГрад» ЖШС директоры өзін-өзі ұсынды. Бекназаров Рахым Ағыбайұлы 1967 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры өзін-өзі ұсынды. Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы 1967 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысын Хромтау, Мәртөк аудандық мәслихаттарының сессияларымен ұсынылды»,- деді Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов.

Кандидаттардың ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталды.

Оларға облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының келісімін алу үшін қол қою парақтары берілді.

Бүгінгі күні барлық қажетті құжаттарын тапсырған Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден өтіп, тиісті куәлік тапсырылды.

Айта кетейік, облыс бойынша 202 депутаттық мандат бар. Облыстық мәслихатта 33, қалалық мәслихатта 30, аудандық мәслихаттарда 139 депутат.

Дереккөз: ҚазАқпарат