Министр: Біз әлем үшін де мамандар даярлаймыз

0
127
Министр: Біз әлем үшін де мамандар даярлаймыз

Қазақстанда Binance Academy-мен бірлескен бастама негізінде блокчейн-технологиялар бойынша 40 мыңнан астам маман дайындалады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бинур Жаленов Binance Kazakhstan атынан Жаслан Мәдиевпен елдің ЖЖОКБҰ-на блокчейн-инженерия және комплаенс бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу үшін қазақстандық тарапқа білім беру материалдарын ұсыну туралы меморандумға қол қойды.

Біз экономикамыз үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүдделіміз. Сондықтан IT-саласының өкілдерімен бірлесіп бұл бағыт бойынша білім беру жобаларын одан ары дамыту үшін жағдай жасаймыз. Ынтымақтастық арқасында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі Қазақстан экономикасының мұқтаждығы үшін ғана емес, жаһандық еңбек нарығы үшін де блокчейн индустриясы саласындағы мамандарды жеткізуші болатынына сенімдімін, — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Еліміздің 22 ЖЖОКБҰ пилоттық тәртіпте 40 мыңнан астам студент дайындайды. Блокчейн-технологиялары саласында білім алып, дағдыланған жас профессионалдар блокчейн индустриясының жаһандық қауымдастығы үшін ірі ресурсқа айналады деп күтіледі.

Дереккөз: BAQ.KZ