Қате төленген мемлекеттік бажды кері қайтару

0
77

Мемлекеттік бажды  кері қайтару ерекшеліктері  Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 108-бабына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік баждың артық немесе қате төленген төлемдерді қайтаруды, оның төленген жері бойынша, салық органына электрондық форматқа сәйкес, оның ішінде веб-порталы —E-Salyg Azamat мобильді қосымшасы арқылы Қағаз тасығышта:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚарқылы, сонымен қатар көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда «Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық форматы арқылы салықтық өтініш бере алады.

Қайтаруды жасау үшін  құжаттар тізілімі:

— Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 12. 02. 2016 жылғы № 160 бұйрығына 15 қосымша нысандағы салықтық өтініш;

—  тиісті органның оны қайтаруға негіз болып табылатын құжаты;

— немесе тиісті уәкілетті орган берген құжат, оның әрекеттерді жасамауы фактысын осы орган растаған жағдайда;

— немесе заңды күшіне енген сот шешімі;

— ақшалай қаражатты қайтаруға жататын банк  шоты;

      Мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына бес жұмыс күні ішінде кері қайтарылады.

Көрсетілген құжаттар, мемлекеттік баждың бюджетке төленгеннен кейін үш жыл өткенге дейінгі мерзімде салық органына ұсынылуы тиіс.

                           Мемлекеттік баж:

1) талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;

2) талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;

3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.

                                                                                                  К. А. НҰРҒАЛИЕВА, 

                                                                              Темір ауданы  бойынша  мемлекеттік

                                                                                  кірістер  басқармасының бас маманы.