Жоғары әскери оқу орындары шақырады

0
92

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ші «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 39-бабы негізінде, Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы, әскери оқу орындарына  іріктеу және қабылдау  жұмыстары жүргізілуде. Әскери оқу орындарына қабылдау үшін оқуға ниет білдірген үміткер Темір ауданының  қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің  бастығының атына  өтініш жазады. Әскери оқу орындарына түсу үшін (таңдалатын әскери мамандыққа қарамастан) физика, география, химия, биология (әскери медициналық мамандықтар үшін), шығармашылық емтихан (музыкалық мамандықтар үшін), шет тілі (аударма ісі үшін) пәндері белгіленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны бар. Олар – Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты.  Осы аталған жоғары оқу орындарында әскери істің негіздері мен мамандық таңдау бойынша білім алу, әскери киім, пайдаланылатын мүлктер, тамағы, жататын орны мемлекет тарапынан «тегін». Аталған жоғарғы әскери оқу орындары жоғары білікті офицерлік кадрлар дайындайды. Барлық әскери-оқу орындарында оқу-материалдық база қалыптасқан, курсанттар, оқытушы офицерлер заман талабына сай аудиториялар мен сыныптарды қолданады, кабинеттер түрлі техникалық құралдармен және жетілдірілген  жабдықтармен  жасақталған. Болашақ офицерлер қазіргі кездің техникасын және қаруды қолдануды үйренеді. Жоғарғы әскери оқу орындарының бітірген түлектері – болашақта іскер және жігерлі офицер, жеке құрамның беделді басшысы, біздің Қарулы Күштерді сенімді күрескерлері болып шығады. Оқуды аяқтаған әрбір түлек – «лейтенант» әскери шенін иемденіп,  бағыт бойынша жұмысқа орналастырылады.

         Жыл сайын Қазақстанда әскери кадрларды даярлау жұмыстары жүргізіледі, мыңдаған сарбаздар мен сержанттар, матростар мен старшиналар, мектеп пен колледж  түлектері офицер мамандығын таңдап, жоғарғы әскери оқу орындарына оқуға түседі. Әскери кадрлар — қай заманда болмасын мәртебелі мамандық.

                                                                                                                     Р. БАЛДДАИРОВА,

                                                                                    Темір ауданы ҚІЖБ-нің қызметкері.