Облыстық турнир өтті

0
43

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тергеу қызметінің 60 жылдық мерейтойына орай, Темір ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі және Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен,  2010-2014 жылдары аралығында туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир өтті.

Мерекелік іс-шараға облыстың аудандарынан   8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.  Сайыс соңында жеңімпаз командалар мен көрермендердің көзайымына айналған спортшылар арнайы  медалмен   және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, Темір ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Б. Бақтығалиев, турнирдің қонақтары – ардагерлер мен тергеушілерге «Алғыс хат»  пен мерекелік төс белгілер  табыстады.